Лента новостей

Абай облысында алғаш рет "Абай Барысы - 2026" облыстық іріктеу турнирі өтеді

Абай Барысы, спорт, Алакөл

27–30 шілде аралығында Абай облысы, Мақаншы ауданының Қабанбай ауылындағы Алакөл жағалауында алғаш рет "Абай Барысы - 2026" облыстық іріктеу турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорт клубына сілтеме жасап. 

Додаға облыстың барлық қала-аудандарынан келген балуандар қатысып, "Абай Барысы" атағы үшін бақ сынайды. Турнир ұлттық спортты дәріптеп, қазақ күресінің үздік балуандарын анықтауға бағытталған.

Жарыс Алакөл жағалауында өтіп, көрермендерге тартысқа толы белдесулер мен ұлттық спорттың ерекше атмосферасын тамашалауға мүмкіндік береді.

Фото: Абай облысының ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорт клубын

Просмотров (281)
ТопДок 1