Лента новостей

Абай облысында республикалық "Абай оқулары" фестивалі басталды

Абай оқулары, фестиваль

Абай облысында екі күнге созылатын республикалық "Абай оқулары" фестивалі болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Фестивальдің салтанатты ашылуы "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында өтті. Шараға еліміздің бірнеше өңірінен және Абай облысының қала-аудандарынан келген қатысушылар жиналды.

Іс-шара барысында қатысушылар "Абай және ұлдары" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынның мемориалдық музей-үйін аралап, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи жәдігерлермен танысты.

Фестивальдің екінші күні қонақтар Абай ауданының тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасап, Күшікбай батыр, Еңлік–Кебек ескерткіштерін, сондай-ақ Бөрілі, Сырт-Қасқабұлақ және Жидебай мекендерін аралайды.

Фото: ЖИ

Просмотров (255)
ТопДок 1