Лента новостей

Семейде 8 жасар бала суға батып кетті

су, бату, бала, қауіпті

2026 жылғы 24 шілдеде Семей қаласының Пединститут ауданында 8 жасар баланың суға кетуіне байланысты қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Arnapres.kz ТЖД сілтеме жасап.

Оқиға орын алған аумақ суға түсуге қауіпті учаске болып табылады. Аталған жерде қауіп туралы ескертетін арнайы белгі орнатылған болатын. Алайда белгісіз адамдардың әрекетінен ескерту белгісі алынып тасталған.

Ескерту белгілерін алып тастамауларыңызды және бүлдірмеулерің сұралады. Олар азаматтарды қауіпті учаскелер туралы алдын ала ескерту және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында орнатылады. Ескерту белгілерінің болмауы адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Фото: видеодан

Просмотров (740)
ТопДок 1