Лента новостей

Семейде 6 жастағы баланың отпен ойнауы автокөліктің өртенуіне әкелді

өрт, машина, балалар

Семей қаласында 15 шілде күні 352-кварталдағы тұрғын үй ауласында болған автокөлік өртінің себептері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бейнебақылау камераларын тексеру барысында өртке дейін көлік маңында үш кәмелетке толмаған баланың жүргені белгілі болған. Алдын ала дерек бойынша, олардың бірі сіріңкемен көлік жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан. Жалын күшейген соң балалар оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған жайт балалардың заңды өкілдерінен алынған түсініктемелермен расталды. Ал 6 жастағы баланың ата-анасы автокөлік иесіне келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндетті болады.

Фото: Полиция департаменті (видеодан скрин)

Просмотров (142)
ТопДок 1