Лента новостей

ШҚО тұрғыны "емге көмектесу" сылтауымен 7 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды

алаяқ, алданған әйел

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өскемен қаласының полициясына қала тұрғынынан оның алданып қалғаны жөнінде арызы түскен, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айында танысы анасының еміне ақша қажет деген желеумен оны алдап, ірі көлемдегі қаржысын иемденіп кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 7 714 000 теңге.

Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалды 

Просмотров (1564)
ТопДок 1