Лента новостей

Семейде есепте тұрған жасөспірімдер сот отырысына қатысты

полиция қызметкерлері

Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. 

Абай облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жасөспірімдер сот процесінің тәртібімен тікелей танысып, сот жүйесінің жұмысын өз көздерімен көрді. Бұл өз кезегінде олардың құқықтық сана-сезімін арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Полиция мен прокуратура қызметкерлерінің пікірінше, мұндай бастамалар жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және өскелең ұрпақтың жауапкершілік сезімін дамытуға оң әсер етеді.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Просмотров (1604)
ТопДок 1