Лента новостей

Семейде жалған номір тағып, жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Жол жүру ережесін бұзған азаматты бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

5 шілдеде сағат 12:30 шамасында Абай облысы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзып, көшеде жоғары жылдамдықпен жүріп өткен ВАЗ 21114 маркалы автокөлігін тоқтатты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттарын тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік-тіркеу нөмірлік белгісін тағып қойғанын анықтайды.

"Көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді", - делінген хабарламада. 

Ал көлік құралы болса  арнайы айып тұрағына қамалды. Жүргізуші 5 тәуілікке қамалып, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған 

Просмотров (1969)
ТопДок 1