Лента новостей

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі болды

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы әуендері" МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

  • 2007-2009 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК домбыра тобының әртісі.
  • 2009-2011 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.
  • 2011-2013 жылдары - оқытушы; "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
  • 2013-2018 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК бас дирижері.
  • 2018-2023 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ ректоры.
  • 2023 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Осы лауазымды бұрын атқарған Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы қызметтен босатылды.

Сурет: KZgovernment

Просмотров (1809)
ТопДок 1