Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Семейде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
11.05.2023 жылы сағат 19:00 шамасында Қ. Мұхамедханов пен Абай көшелерінің қиылысында HYUNDAI SONATA автокөлік құралы мен HONDA маркалы мотоцикл арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - ресми Семей қаласы ПБ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
Сурет: Arnapress.kz