Лента новостей

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеріледі

Республика күні, мереке, концерт

25 қазан – Республика күніне орай Семей қаласында мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Сағат 10:30-да Бейбітшілік аралындағы Рәміздер алаңында Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама "Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстан!" атты концертпен жалғасады. Кеште Өмірқұл Айниязов, Ұшқын Жамалбек, Ақбота мен Серікбол, сондай-ақ "ETHNO ARLAN" және "Семсер" топтары өнер көрсетеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мерекеге арналған салтанатты шараға қатысуға шақырады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы және қала әкімдігінің баспасөзінен

Просмотров (102)