Лента новостей

"Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

сайыс, Парламент, журналист

Парламент Мәжілісінің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz мәжіліске сілтеме жасап. 

Байқауға 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың 12 маусымы аралығында жарық көрген немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталады. Олардың қатарында үздік телевизиялық сюжет, баспа, интернет, радио және фото материалдар, сондай-ақ арнайы репортаждар мен парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлес үшін номинациялар бар.

Үміткерлерді Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия бағалайды.

Өтінімдерді 2026 жылдың 15 маусымына дейін Smimazh@parlam.kz электронды поштасына жолдауға болады.

Қосымша ақпарат Мәжілістің ресми сайтында немесе 8 (7172) 74-63-01, 74-63-05 телефондары арқылы қолжетімді.

Фото: ЖИ

Просмотров (221)
ТопДок 1