Лента новостей

Жылыту маусымына дайындық: өңірлерге қатаң талап қойылды

Бүгін үкіметте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды. Бектеновтің айтуынша, энергия көздері мен желілерінің жабдықтарын ж

Бүгін үкіметте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Бектеновтің айтуынша, энергия көздері мен желілерінің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру үшін резервтен 25 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу мақұлданды.

"Бұл қаражат Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жылу көздерін жөндеу мен салуға, сондай-ақ төрт өңірдегі шамамен 30 шақырым жылу желісін жөндеуге бағытталған", - деді министрлер кабинетінің басшысы.

Премьер-министр бұл қаражаттың жұмсалу тиімділігі мен нәтижесін бақылау қажеттігін айтты.

"Қазірдің өзінде кей өңірлерде жұмыстардың кешіктірілу қаупі байқалады. Егер күзде өңірлердегі энергия нысандары дайындық паспортын алмаса, олардың әкімдері дербес жауапты болады", - деп ескертті Олжас Бектенов.

Премьер-министр келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз етуді өңірлер үшін негізгі міндет ретінде атап өтті.

Өңір әкімдіктеріне екі апта мерзімде барлық конкурстық процедураларды өткізіп, жөндеу жұмыстарына кірісу тапсырылды.

"Мұнда ешқандай артық бюрократия болмауы тиіс. Жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу жұмыстары тамыз айының соңынан кешіктірілмей аяқталуы керек", - деп қосты Олжас Бектенов.

Премьер Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, өңір әкімдіктеріне 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін іске қосуға толық дайын болуы тиіс.

Фото: ЖИ

Просмотров (192)
ТопДок 1