Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының тұрғындарын жеке қабылдады деп хабарлайды Arnapress.kz Aбай облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашық форматта өткен кездесуге қала әкімі, салалық басқарма басшылары, "Отбасы банк" пен "Семей" ӘКК өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында баспана, қоғамдық көлік және жол сапасына қатысты мәселелер көтерілді. Үш сағатқа созылған кездесуде өңір басшысы 50-ге жуық тұрғынның сауалына жауап беріп, әрбір өтініш заң аясында жеке қаралатынын айтты.
Сондай-ақ облыс әкімі ауылға көшуді жоспарлап отырған азаматтарға арналған кешенді бағдарлама әзірленіп жатқанын жеткізді. Бағдарлама аясында "Ауыл аманаты" жобасы арқылы 2,5 пайызбен несие беру көзделген.
Фото; Абай облысы баспасөз қызметі
