
Бүгінде бұл жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Семей қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы қала бойынша 35 аула аумағын абаттандыру жоспарланған.
Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, оң жағалауда – 11, сол жағалауда – 11, ал 13 аула "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жаңартылуда.
Жөндеу және абаттандыру жұмыстары барысында балалар ойын алаңдары, спорттық құрылғылар, орындықтар және жарықтандыру шамдары орнатылуда. Бұл тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы демалыс аймағын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоба аяқталған соң, жаңа форматтағы аула кеңістіктері қалалықтардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасамақ.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі