Лента новостей

Семейде әскери оркестр қала көшелерінде өнер көрсетуде

қарауыл ротасы

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мерекелік сәт ұйымдастырылды.

Семейде әскери оркестр қала көшелерінде өнер көрсетуде, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала күні аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қалалық филиалының әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы аспалы көпірдің астында өз өнерлерін паш етті.

Шара барысында оркестрдің әуендері әсем әуезге толы болып, қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады. Құрмет қарауылының саптық қимылдары мен әскери дәстүрді дәріптейтін қойылымдары мерекелік кештің сәнін кіргізді.

Айта кетейік, мерекелік бағдарлама бұнымен шектелмейді. 25 қыркүйек күні сағат 20:00-де орталық Арбатта, ал 26 қыркүйек күні дәл осы уақытта Мұхтар Әуезов алаңында жалғасын табады.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (301)
ТопДок 1