Лента новостей

Семей қаласының әкімдігі қалалықтарды сенбілікке шақыруда

Бұған дейін әкімнің тапсырмасымен қала қыстан кейін тазарту мақсатында екі айлық жарияланған.

1 сәуір күні Семейде жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл жылы бұл алғашқы үлкен көлемді тазалық акциясы болмақ. Әкімшіліктің хабарламасында барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті, деп жазылған.

"Осы сенбі, 1 сәуірде баршаңызды қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз! Сенбілік сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Бизнес өкілдері өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазалауы қажет. Қаламыздың тазалығына үлес қосыңыз! Сенбілікке шығыңыз!"  - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, экологиялық акцияға еріктілер, әлеуметтік нысандарғы қызметкерлер, бюджеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері қатысады.

Сурет: Семей қаласының әкімдігі

Просмотров (2318)
ТопДок 1