Лента новостей

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз өлі табылды

Арыс-Түркістан суару каналынанда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналынанда оқиға орнынан 11 шақырым жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып шығарды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылғы 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелетке толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.

Просмотров (1776)
ТопДок 1