Лента новостей

Өскеменде сайлау учаскесінде жас жігіт бақылаушы қызға ұсыныс жасады

Белгілі болғандай, жастар университет студенттері екен.

Дауыс беруге жастар белсенді қатысуда, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  

Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кезектен тыс сайлауы өтуде. Азаматтардың барлық санаттары өз таңдауын жасай алады.

Өскемен қаласындағы №102 сайлау учаскесінде екі жас үшін маңызды оқиға болды: Арман Скендиров дауыс беру кезінде бақылаушы болып отырған Ляйля Төлеубековаға ұсыныс жасады. Тосын сый болған ұсынысқа бойжеткен келісімін берді.

Жастар ШҚО С. Аманжолов және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің студенттері.

Сурет: ШҚО Жастар ресурстық орталығы

Просмотров (1943)
ТопДок 1