Лента новостей

ҰБТ барысында ереже бұзушылық тіркелді

ҰБТ, талапкер, ереже

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ-ны 41 мыңнан астам рет тапсырылған, деп хабарлайды Arnapress.kz  Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Талапкерлердің 67%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде, ал 103 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 57%-ы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш 58 балды құрады, ең жоғары нәтиже - 138 балл.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 134 талапкерге арнайы жағдай жасалып, тестілеуге қатысу мүмкіндігі берілген.

Апелляция тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі, ал техникалық мәселелер бойынша тест барысында қаралады.

Алғашқы аптада 86 ереже бұзушылық тіркелген. 46 талапкер тыйым салынған заттармен кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілсе, 40 адам ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. Өзге тұлғаның орнына кіру деректері анықталмаған.

Тест нәтижелеріне қатысты бейнежазбаларға талдау жыл соңына дейін жүргізіледі. Ереже бұзушылық анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Айта кетейік, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкерден 446 мыңнан астам өтініш түскен.

Фото: ЖИ

Просмотров (109)
ТопДок 1