Лента новостей

Ақтауда ерлі-зайыпты блогерлердің видеосын таратқан күдікті ұсталды

желі, интим видео, блогер

Ақтауда жеке бейнематериалдарды заңсыз тарату дерегі тоқтатылды, дап хабарлайды Arnapress.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы полицияға жүгінген жергілікті блогерлер хабарлаған. Олардың айтуынша, жеке пайдалануға арналған бейнематериалдар WhatsApp мессенджері арқылы тарап кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол – кәмелетке толмаған қала тұрғыны.

Қазіргі уақытта істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция азаматтарға жеке және құпия материалдарды өзгенің келісімінсіз тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Фото: ЖИ

Просмотров (310)
ТопДок 1