Бұл грантқа оқуға түсуге мүмкіндік беретін тестілеу кезеңі
Бүгін, 18 мамырда Қазақстанда ЖОО-ға грантқа түскісі келетіндер үшін ҰБТ басталды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 518 адам бітіреді, оның 179–ы "Алтын белгі" төс белгісіне, 441-і "Үздік аттестатқа" үміткер.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден 89% немесе 4 034 түлек өтуге шешім қабылдады, оның 3 181 – і қазақ тілінде, 853-і орыс тілінде.
Айта кетейік, жоғары оқу орындарына гранқа түсу үшін ҰБТ 18 мамырдан 5 шілдеге дейін екі рет өткізіледі. Семейде оны Глинки көшесі, 73 "Г" мекен-жайындағы тапсырады.
Ал, ЖОО-да ақылы негізде оқығысы келетіндер тамыз айында тестілеуден өте алады.
Сурет: gov.kz