Лента новостей

"Аялдамаға жету мұң": Семейде Қарағайлы тұрғындары шағымы

жол, шаң, Қарағайлы

Қарағайлы ықшам ауданындағы “Северный” аялдамасына жету тұрғындар үшін үлкен мәселеге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz 

Редакциямызға Қарағайлы тұрғындарынан жол жағдайына қатысты шағымдар жиі түсіп жатыр. Жаңа тұрғын үй кешенінде инфрақұрылымдық кемшіліктер аз емес.

Атап айтқанда, “Северный” аялдамасына баратын жолдың шаңы мен тозаңы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.

"Қала әкімі бұл жолды жөндейміз деп уәде берген еді. Бірақ басталғанына бірнеше күн болса да, жұмыс аяқсыз қалды. Аялдамаға жеткенше аяқ киімнің түгі қалмайды. Балаларға обал. Сенбі, жексенбі күндері базар жақтан көлік көбейіп, шаңға көміліп үйге қайтамыз", - дейді тұрғындар

Фото: тұрғыннан

Просмотров (202)
ТопДок 1