Лента новостей

Семейде 305 жеделсаты ауыстыруды талап етеді

Семей қаласында жеделсатыларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
 

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде 849 жеделсаты орнатылған, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 305 жеделсаты ауыстыруды талап етеді. Бұл көрсеткіш жалпы жеделсатылардың 35,9%-ын құрайды.

Семей қаласының жеделсаты шаруашылығындағы негізгі мәселе – нормативтік қызмет мерзімін өтеген жеделсатылардың көптігі. Айта кетерлігі, бұл жеделсатылар 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасы бойынша, 2024 жылы Семей қаласында алғаш рет 2 үйдегі 4 жеделсаты жаңасына ауыстырылады. Олар:
 1. Дулатов көшесі, 145 – 2 жеделсаты (оның біреуі бұрын тоқтатылған);
 2. 15 шағын аудан, 18 үй – 2 жеделсаты (оның біреуі бұрын тоқтатылған).

Жеделсатыларды жаңғырту бағдарламасының шарттарына сәйкес, тұрғындарға 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01%-бен бюджеттік несие қарастырылған.
 

"Қала әкімдігі 2025 жылы да көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен бірлесіп, жеделсатыларды ауыстыру жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада. 

 

Сурет; ашық дереккөздерден 

Просмотров (7866)
ТопДок 1