Лента новостей

Семейде 300-ге жуық ішек инфекциясы тіркелді

адам, ішек, инфекция

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Семей қаласында ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында ішек инфекциясының 287 жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев хабарлады.

Оның айтуынша, тіркелген жағдайлардың басым бөлігі жекелеген оқиғаларға жатады.

- Қаладағы мектептері мен балабақшалар асханаларында топтық улану фактілері тіркелмеді. Дегенмен жаз мезгілінде тамақтан улану деректері жиілейтіні белгілі. Бұған ауа температурасының жоғарылауы, микроорганизмдердің тез көбеюі және бақша дақылдарының пісіп-жетілу кезеңі әсер етеді. Көкөніс пен жемістерді жумай жеу немесе тағамды өңдеусіз пайдалану балалар мен ересектер арасында инфекцияның көбеюіне әкеледі, - деді спикер.

Мамандардың айтуынша, қаладағы білім беру ұйымдарының асханалары мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатаң бақылау орнатылған. Жыл басынан бері құс өнімдері мен кремді тағамдар дайындайтын кәсіпкерлерге арналған 3 семинар, сондай-ақ базарларда "Тамақтан уланудың алдын алу" тақырыбында 6 акция ұйымдастырылды. Сауда орындарында 400-ден астам көрнекі құрал таратылып, өнімдердің сапасы зертханалық тексерулерден өткізілді.

— Тексеру барысында кейбір тағамдардың сақтау шарттары талапқа сай еместігі анықталды. Бұл тағам арқылы жұғатын аурулардың негізгі көзі болып табылады, — деді басқарманың жетекші маманы Дана Төленді.

Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды 

Просмотров (2290)
ТопДок 1