Лента новостей

COVID-19 пандемиясы ресми түрде аяқталды

Пандемия басталғалы әлемде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) COVID-19 пандемиясы мәртебесінің күшін жойды.  Бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"ДДҰ-ның GOVID-19 бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылар комитеті маған COVID-19 халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай мәртебесін (PHEIC) алып тастауды ұсынды. Мен осы кеңесті ұстанып, пандемияның аяқталғанын жарияладым", - деді ДДҰ басшысы.

Ол пандемия басталғаннан бері әлемде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болғанын айтты. 

Сурет: pixabay

Просмотров (2318)
ТопДок 1