Лента новостей

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында интернет қосылып жатыр

пойыз, интернет

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында интернет кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Астана - Семей, Қызылорда - Павлодар, Жезқазған - Астана, Алматы - Достық және Қызылорда - Көкшетау бағыттарындағы пойыздар жолаушыларға Wi-Fi қызметін ұсынады.

Пойыздағы Wi-Fi желісіне қосылғаннан кейін жолаушылар авторизациядан өтіп, WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін жібере алады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді, бейнесервистерді және басқа да интернет ресурстарын пайдалану үшін ақылы тарифтер қарастырылған.

Көлік министрлігі жыл соңына дейін жолаушылар пойыздарын интернетпен толық қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Фото: ЖИ

Просмотров (120)
ТопДок 1