Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам елге оралды, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап
Ведомствоның мәліметінше, SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы - Маскат - Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындаған. Нәтижесінде 314 адам Қазақстанға жеткізілген, оның ішінде балалар да бар.
"Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуекомпанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындап, 640 адамды елге жеткізген болатын.
Сондай-ақ Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындап, нәтижесінде 306 азамат Қазақстанға оралды.
Фото: жасанды интеллект арқылы
