Лента новостей

Абай облысында он теміржол бекеті толық жаңғыртылады

Семей теміржол бекеті

Жаңғырту жұмысы барысында вокзалдардың тарихи келбеті өзгермейді.

Биыл Абай өңіріндегі 10 теміржол вокзалын жаңғырту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы есебінен жүргізіледі деп жоспарланған.  

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай, Жалаңашкөл, Шар, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш және Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдары толық жаңғыртудан өтеді.

"Семейдегі теміржол вокзалының ғимараты толық жаңартылып, инженерлік инфрақұрылымдары ауыстырылып, іргелес аумағы абаттандырылмақ. Жалаңашкөл станциясының вокзалын жөндеу Алакөлдің туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Атап өтерлігі, жаңғырту жұмысы барысында вокзалдардың тарихи келбеті өзгермейді. Әр өңірдің архитектуралық ерекшелігі сақталады. Қазіргі уақытта мердігерлер анықталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Есеев.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, еліміздегі 120 вокзалды реконструкциялау көзделген.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (3374)
ТопДок 1