Вагондар ауаны баптау жүйесімен жабдықталған.
"Астана-Семей" бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.
"Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе. Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.
Сурет: видеодан скриншот