Лента новостей

Жанқош Тұраровтың жаттықтырушысы Алматыдағы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, Жанқош елімізде өтетін жарыста бар күшін көрсетуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте әлі бірде-бір жеңіліс таппаған венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

sportarena.kz ақпараты бойынша, оны маңызды жекпе-жекке Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов дайындауда. Оның айтуынша, Жанқош елімізде өтетін жарыста бар күшін көрсетуді жоспарлап отыр.

"Қарсылас өткізген 16 жекпе-жегін 16 нокаутпен аяқтаған. Жақсы жетістік. Бәрін рингке шыққанда көретін боламыз", — деді Сағатбек Мұсаханов.

Осы жылы желтоқсан айында Жанқош жапондық Акихиро Кондоны жеңген болатын.

Сурет: Instagram/zhankoshturarov

Просмотров (2058)
ТопДок 1