Лента новостей

Олимпиадада күміс алған қазақстандық боксшы мен балуан қанша табыс тапты?

Париждегі Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай мен грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадраев 150 мың доллардан сыйақы алады, - деп хабарлайды  Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап

Сондай-ақ, 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Осылайша, күміс жүлдегерлер әрқайсы 72 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.

Еске салайық, 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Оралбай финалдық белдесуде украиналық Александр Хижнякпен кездесіп, жеңілген болатын.

77 келі салмақта сынға түскен Жадраев финалдық белдесуде жапондық Нао Кусакамен кездесіп, одан жеңіліп қалды.

Фото: ҰОК / Владислав Семенов

Просмотров (2094)
ТопДок 1