Лента новостей

Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 20 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан жалпыкомандалық есеппен екінші орынға жайғасты.

Қазақстандық спортшылар Филиппинде өтіп жатқан XI Азия чемптонатын тарихи жетістікпен аяқтады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап. Олар жүзуден 20 алтын медаль жеңді.

Нью-Кларк-Сити қаласында 14 және одан жоғары жастағылар арасында өткен жарыс 4 күнге созылып, шешуіші сайыста спортшыларымыз 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді қанжығасына байлады

Жалпы қазір құрама қоржынында 36 медаль бар.

Бұл көрсеткішпен Қазақстан Жапониядан кейін жалпыкомандалық есеппен екінші орынға жайғасты.

Сурет: pixabay

Просмотров (3340)
ТопДок 1