Лента новостей

Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Финляндияны ұтты

H тобында 15 ұпай жинады.

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Финляндияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Финляндия құрамасы алғашқы таймда есепті ашты. 

Ал екінші таймның 77-минутында Бахтиер Зайнутдинов пенальти кезінде гол салып, есепті теңестірді.

Ал 90-минутта Зайнутдинов тағы бір гол соғып, ұлттық құраманы алға шығарды.

Кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде тағы екі ойыны бар. 17 қарашада Сан-Мариномен, 21 қарашада Словениямен ойнайды.

Сурет: instagram.com/kazfootballteam

Просмотров (2456)
ТопДок 1