Қазақстандық спортшы UFC-ге жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион болған Octagon лигасынан ауысты.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм 16-0 рекорд көрсеткішімен UFC-ге ауысты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON лигасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі, - деп жазды лига.
Келісімшартқа қол қойылғаны туралы ақпаратты менеджер Саят Әбдірахманов та растады.
Сурет: el.kz