Лента новостей

Абай облысының дзюдошылары республикалық чемпионаттың жүлдегерлері атанды

18-20 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында есту қабілеті бұзылған ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Абай облысының спортшылары қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

  • 1 орын − Жетпісбаева Айым (48 кг);
  • 1 орын − Бактиярова Ләззат (57 кг);
  • 3 орын − Серікбек Орынгүл (63 кг);
  • 3 орын − Рымғали Қуаныш (60 кг);
  • 3 орын − Слямбек Али (60 кг);
  • 3 орын − Асқаров Азамат (73 кг);
  • 3 орын − Тұрғалиев Бауыржан (100 кг).

Жаттықтырушылар М.Е.Тоқтамысова пен Б.А.Мұханбетовтың еңбегін атап өткен жөн. 17 облыстың ішінен Абай облысы жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.

Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (2199)
ТопДок 1