Әбу-Даби қаласында "AS MANSUR TEAM" клубынан Абай облысының спортшылары қатысқан "Abu-Dhabi World Jiu-Jitsu Championship 2022" әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды: бір алтын және үш қола.
"Рустем Мансуров master 4 санатында әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 12-13 жас санатында Шарапиева Лейла 40 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.
Еркежан Ерканова 70 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.
14-15 жас санатында Нұрсат Қымбатұлы қола медаль иегері атанды", − деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі