Facebook әлеуметтік желісінде "Жомарт-Тоқаев" есімді аккаунт пайда болды.
Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жомарт-Тоқаев" деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар. Олар Twitter-дегі @TokayevKZ парақшасы және Instagram-дағы tokayev_online парақшасы. Мемлекет басшысы Facebook желісіне тіркелмеген және ол жерде ұтыс ойынын өткізбейді". Бұл туралы StopFake.kz жазды.
Ақшалай сыйлықтар туралы уәде - алаяқтардың сүйікті тактикасы. Картаға "ұтып алған ақшаны" жіберуге уәде берген шабуылдаушылар пайдаланушылардың жеке дерегін, тіпті олардың ақшасын да ала алады.
"Төлем дерегін ұрлаудың тағы бір жолы - "халықаралық аударым" деген сылтаумен ақпарат алу. Алаяқтар ақшалай сыйлықты аудару үшін карта нөмірін ғана емес, басқа да деректерін сұрайды. Сіз ешкімге картаның жарамдылық мерзімін де, CVC-кодын да айтпауыңыз керек", - делінген хабарламада.
Сурет: pexels