Лента новостей

Семейде автобус өртенді

жанып жатқан автобус, өрт сөндіруші

Абырой болғанда, өрт соңғы аялдамаға келгенде басталды.

Семейде жаңа автобус түк қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Белгілі болғандай Холодный ключ ауданындағы Текстильная көшесінде, аялдамаға келгенде автобустан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың барлық бөлігін от шарпыған.

"ТЖМ қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында өрт 24 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Сурет: видеодан скриншот

 

Просмотров (272)
ТопДок 1