Лента новостей

Абай облысындағы Алакөл жағалауында 120-дан астам бала жоғалу фактісі тіркелді

туристік полиция

Туристік полиция жедел әрекет етуде.

Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туризм маусымы басталғалы бері туристік полицияға кішкентай балалардың жоғалуына қатысты көптеген өтініштер түсуде, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе адамдар көп жиналатын орталық Арбат аумағында, ата-аналар бір сәтке назардан тыс қалдырған балалар көзден таса болып кетіп жатады. Жазғы маусым басталғалы 126 жағдай тіркелді.

"Барлық жағдайда балалар дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды. Полиция қызметкерлері ескертеді: балаларға қатысты кез келген жағдай ерекше мән беруді қажет етеді. Мұндайда уақытты жоғалтпай, дереу әрекет ету – қауіпсіздіктің кепілі", - дейді тәртіп сақшылары. 

Туристік полиция ата-аналарды қырағы болуға, адамдар көп жиналатын орындарда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Мемлекеттік шекарада ірі көлемде валюта тасымалдау дерегі тоқтатылды. 

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Просмотров (2261)
ТопДок 1