Лента новостей

Әуежайда қызды кепілге алу оқиғасы бойынша сот кейінге шегерілді

әуежай, кепілге алу

Отырыстың кейінге шегерілуі айыпталушы қамауда отырған мекемемен байланыс орнамағаны себеп болған.

2025 жылғы наурыздың басында Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс Түрксіб аудандық сотында қаралуы тиіс еді. Сот мәліметінше, отырыстың кейінге шегерілуіне айыпталушы қамауда отырған мекемемен байланыс орнамағаны себеп болған.

Ол сот процесіне бейнебайланыс арқылы қатысуы тиіс болған. Келесі отырыстың қашан өтетіні белгісіз.

Еске салайық, зейнеткер Баратовқа қатысты сот 2025 жылғы 7 сәуірде басталған болатын. Сол отырыста көлік әскери прокуратурасының прокуроры істегі айғақтарды айыпталушы теріске шығармағанын айтып, сот отырысын қысқартылған тәртіппен өткізуді сұраған еді.

Сот залында әуежай қызметкері мен айыпталушы сөз сөйлеп, айыпталушы контузия алғанын, сондай-ақ адамды кепілге алуға не итермелегенін айтып берген. Процесс барысында айыпталушы бұған дейін айыптаулармен келіскен болатын. Бірақ кенеттен қандай да бір талап қойғаны туралы айыпқа келіспейтінін айтып, іс қосымша тергеуге қайтарылған еді.

Сурет: видеодан скриншот 

Просмотров (2978)
ТопДок 1