
Қуанышқа орай зардап шеккендер жоқ.
13 мамырда шамамен сағат 17:30-де Семей қаласында жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қатар қозғалып келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.
Соқтығыстың салдарынан жүк көлігі оң жақ жолақта келе жатқан Toyota Carina жеңіл көлігіне де зақым келтірген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Chevrolet Cobalt автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі