
Адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
26 ақпанда полицияға Семей қаласындағы оқу орындарының біріне мина қойылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
"Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылып, адамдар эвакуацияланды және аумақ қоршауға алынды. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ", - делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция терроризм туралы көрінеу жалған хабарлама таратудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қарастырылатынын және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін ескертеді.
Сурет: ашық дереккөздерден