Лента новостей

Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан кәмлетке толмағандарды "түзету мектебіне" жіберді

комиссия

Құқық бұзушыларды арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.

Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, онда 22 ақпанда жасөспірімдердің қатысуымен орын алған оқиға қаралды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қарау қорытындысы бойынша барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды".

Бұл шешімнің мақсаты — түзету жұмыстары мен психологтармен уақытша оқшаулау жағдайында жұмыс жүргізу.

"Отбасылық ортаға ерекше назар аударылды. Үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру және екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату туралы шешім қабылданды", - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Материалдар әрі қарай қаралу үшін сотқа берілді. Кәмелетке толмағандар арнайы мектепте қанша уақыт болатынын сот шешеді.

Сурет: ашық дереккөздерден 

Просмотров (1883)
ТопДок 1