
Ол тероризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде.
Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының тұрғынын Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен ұстады.
Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде.Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі