Лента новостей

Абай облысында жеңіл көлік Ертіс өзеніне батып кетті

полиция, жедел жәрдем

Алдын-ала мәлімет бойынша көлікте төрт адам болған.  

Семейде Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған", - деп жазылған ресми хабарламада.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Просмотров (2408)
ТопДок 1