Лента новостей

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды

Студент полицияға жүгініп, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлады.

Шетелде білім алу немесе жұмыс істеу ниеті алаяқтық әрекетке себеп болды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 жастағы 4-курс студенті полицияға жүгініп, осы жылдың көктемінде алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеді.

Аз таныс ер адам оған АҚШ-қа виза рәсімдеуде көмек көрсетемін деп уәде беріп, 199 300 теңге алған соң, байланысқа шықпай қойған.

"Абай облысы полициясының жедел жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты" - делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ресми құжаттары немесе лицензиясы жоқ, аз таныс адамдарға сенбеңіздер. Визалық қолдау қызметін ұсынатын жеке тұлғалар немесе компаниялардың беделін мұқият тексеру маңызды. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз", - деп полиция қызметкерлері халықты тағы бір мәрте ескертеді. 

Сурет: ашық дереккөздерден 

Просмотров (2950)
ТопДок 1