Заңсыз алтын өндірісімен айналысқан "қара алтын іздеушілер" тобы ұсталды.
Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Абай облысы ПД ҰҚҚБ бастығы полиция полковнигі Бауыржан Егизбаев
Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен 3 килограмм құрамында алтыны бар кен табылып, тәркіленді.
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Сурет: видеодан скриншот, ашық дереккөздерен