Лента новостей

Полиция Абай облысындағы ең қауіпті ойын-сауық орындарының рейтингін жасады

Тізімге қаланың бес танымал ойын-сауық орны кірді.


Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, - деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, "102" арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды. 


Тізімді "Рибай" ойын-сауық орны бастап тұр,  "102"арнасына рекордтық өтініш саны түсті  – 89 хабарлама. Екінші орынды 79 хабарламасы бар "Ассоль" ойын-сауық мекемесі.  Үшінші орын "Анита" мейрамханасында. Бұл нысанға 65 хабарлама түсті. "Ника" дәмханасы орналасқан мекен-жай бойынша 42 хабарлама түсті. Бестікті "Мельница" ойын-сауық орны қорытындылайды. Бұл мекемеге қатысты 40 хабарлама түсті.

"Ең қауіпті 5 мекеменің әрқайсысы үшін көрсеткіштерге "102" арнасындағы хабарламалар саны, полицияға тіркелген өтініштер, қылмыстар, сондай – ақ, көрнекі салыстыру үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер кіреді", - делінген ПД хабарламасында. 
 

Сурет: Абай облысы ПД 

Просмотров (2770)
ТопДок 1