Оқиға бүгін Семей қаласында орын алды.
Бүгін Семейде тоғызыншы қабаттың терезесінен бала құлады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол екі жаста. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.
ТЖМ тағы да еске салады:
- бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезелерге бұғаттауыш орнатыңыз;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
Сурет: ашық дереккөздерден