Лента новостей

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.

Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.» - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Просмотров (2529)
ТопДок 1